«Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының «Әулиекөл ауданы білім бөлімінің Бағаналы жалпы білім беретін мектебі» 2024-2025 оқу жылына арналған «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмыс жоспары
Мақсаты: қазақстандық мәдениет құндылықтары негізінде азаматтық жауапкершілік пен патриотизм, парасаттылық пен адалдық, ар-ұждан, рухани-адамгершілік қасиеттерін бойына сіңірген, үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыру.
Міндеттері:
Рухани-адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу:
- отанға, өз халқына, оның тарихы мен мәдениетіне деген сүйіспеншілікті қалыптастыру;
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу;
- адалдық, әділдік, мейірімділік, ар-ұят пен қамқорлық, қайырымдылық және басқа да адамдық қасиеттерді дамыту;
- табиғатқа және қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.
Азаматтық жауапкершілік пен патриотизмді дамыту:
- елінің жетістіктері үшін мақтаныш сезімін ұялату;
- отбасы, қоғам және мемлекет алдындағы өз міндеттеріне саналы көзқарас қалыптастыру;
- өз құқығы мен бостандығы, сондай-ақ басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға дайын болуға баулу;
- әлеуметтік маңызы бар қызметке белсенді қатысуға тәрбиелеу.
Парасаттылық пен адалдықты қалыптастыру:
- басқалармен қарым-қатынаста адал әрі әділ болуға және әдептілік нормаларын ұстануға тәрбиелеу;
- өз іс-әрекеттері мен сөздері үшін жауапкершілікті түсінуге тәрбиелеу;
- еңбексүйгіштік пен өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылысын қалыптастыру;
- біреудің еңбегі мен мүлкін құрметтеуге тәрбиелеу.
- Білім алушының жеке басының үйлесімді дамуы үшін жағдай жасау:
- әрбір білім алушыны тәрбиелеу мен оқытуда даралау мен саралау тәсілдемелерін қамтамасыз ету;
- білім беру ортасында жағымды психологиялық-педагогикалық ахуал қалыптастыру;
- ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қолдау көрсету;
- отбасын білім беру ұйымдарындағы тәрбие процесіне тарту.